Қазақстан жастар құрамасы Испаниядан жеңілді

Қазақстан жастар құрамасы Испаниядан жеңілді

Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Испания -<span> Қазақстан ма</span>тчы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Испан жерінде өткен ойын 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 

Кездесудің бірінші таймында гол соғылмаған. Қазақстан құрамасы негізгі құрамдағы бірнеше ойыншымыздың жоқтығына қарамастан тәп-тәуір өнер көрсеткен.

Алайда екінші тайм мүлде басқаша болды. Испаниялық жастар бар білгенін ортаға салды. Қонақтар қақпасына жауапсыз үш гол соғып, Еуропа чемпионатының жолдамасын екі тур бұрын еншіледі.

Ал бұған дейін сырт алаңда өткен төрт ойында да жеңілмей, 10 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы бұл сәтті сериясына қош айтты. Айта кетерлігі, біздің жастар өз алаңымызда өткен 4 ойында да жеңіліп қалды. 

Испания -<span> Қазақстан - 3:0 (0:0)</span>

<span>Гол соққандар: </span>

Испания U-21: Альваро Фернандес ()) – Фран Гарсия, Хорхе Куэнка, Уго Гильямон, Педро Порро – Йон Монкайола, Рики Пуч, Оскар Родригес – Кукурелья (К), Браим Диас, Хавьер Пуадо;

Қазақстан U-21: Бекхан Шайзада (Қ) – Роман Асранкулов, Дінмұхамед Кашкен, Әлібек Қасым, Геворг Наджарян (К) – Эльхан Астанов, Адам Адахаджиев, Лев Скворцов, Мәди Жақыпбаев – Еркебұлан Сейдахмет, Рамазан Каримов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или