Испания U-21 – Қазақстан U-21: Бірінші таймда гол соғылған жоқ
Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Испания - Қазақстан матчы өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Испан жерінде өтіп жатқан кездесудің бірінші таймы 0:0 есебімен аяқталды.
Қазақстан құрамасы кездесудің айқын фаворитіне қарсы тәп-тәуір өнер көрсетіп жатыр. Негізгі құрамдағы бірнеше ойыншымыздың жоқтығына қарамастан қазақстандықтар қарсыластан қаймықпайтынын байқатты. Бірақ Испания ойыншыларының деңгейі жоғары екені көзге ұрады.
Испания - Қазақстан - 0:0
Испания U-21: Альваро Фернандес ()) – Фран Гарсия, Хорхе Куэнка, Уго Гильямон, Педро Порро – Йон Монкайола, Рики Пуч, Оскар Родригес – Кукурелья (К), Браим Диас, Хавьер Пуадо;
Қазақстан U-21: Бекхан Шайзада (Қ) – Роман Асранкулов, Дінмұхамед Кашкен, Әлібек Қасым, Геворг Наджарян (К) – Эльхан Астанов, Адам Адахаджиев, Лев Скворцов, Мәди Жақыпбаев – Еркебұлан Сейдахмет, Рамазан Каримов.