Сұлтан Әбілғазы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Сұлтан Әбілғазы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Ұлттар лигасы аясында Беларусь құрамасымен кездесуге дайындалып жатқан Қазақстан құрамасы сапында өзгеріс орын алды, деп жазады Prosports.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қостанайлық «Тобылдың» орталық қорғаушысы Сұлтан Әбілғазы Қазақстан құрамасына қосылды. Алғаш рет шақырту алған футболшы Беларусьпен өтетін ойында алаңға шығуы мүмкін.

Беларусь құрамасына қарсы қорғаушы Александр Марочкин мен жартылай қорғаушы Юрий Перцух ойнамайтын болды. Екі футболшы да Албаниямен өткен ойында жарақат алды.

Жарақатына байланысты команда капитаны Бауыржан Исламхан да құраманың қатарынан кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или