Месси Латын Америкасының үздік спортшысы атанды

«Барселона» мен Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси мен колумбиялық жеңіл атлет Катерине Ибаргуэн 2014 жылғы Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің үздік спортшылары атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл жүлдені кубалық Prensa Latina агенттігі береді.

Әйелдер арасында «Гауһарлы лигада» топ жарған Ибаргуэн топ жарды. Ерлерде «Алтын доптың» төрт дүркін иегері Лионель Мессиге әлем чемпионатының үздік бомбардирі Хамес Родригес бәсеке болған, алайда дауыс берушілер аргентиналық ойыншыны таңдапты.

Командалар арасында мундиальді күміс медальмен аяқтаған Аргентина құрамасы үздік деп танылды.

Еurosport.ru сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или