Қазақстан құрамасының қақпашысы үздіктер қатарына енді

Қазақстан құрамасының қақпашысы үздіктер қатарына енді

Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы UEFA Ұлттар лигасындағы үздік қақпашылар қатарына енді.

UEFA-ның ресми сайты Ұлттар лигасының статистикасын жариялады. Сейв жасаған үздік қақпашылардың бестігіне Қазақстан құрамасының ойыншысы Стас Покатилов та кірді.

Ол өз қақпасына бағытталған 12 соққыны қайтарған. Орта есеппен бір кездесуде 4 сейв жасаған. Стас Ұлттар лигасындағы 3 ойында қақпасына тек 2 мәрте гол жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или