Қазақстан жастар құрамасы Испанияда жаттығу өткізді
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы 13 қазанда сырт алаңда Испаниямен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Испаниямен өтетін ойынға жартылай қорғаушы Сұлтанбек Астанов пен қақпашы Мұхаммеджан Сейсен қатыса алмайды.
Covid-19 тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен алғашқы ойыншы оқшауландырылды.
Екінші ойыншы сол жақ тізе жарақтына байланысты ойнамайды.
Қазақстан жастар құрамасының қатарынан жеті ойыншы шығып қалды.
Бұған дейін жарақатына байланысты жартылай қорғаушылар Рамазан Оразов, Артём Попов және Дамир Марат келе алмаған болатын. Сонымен қатар, өткен ойында алаңнан қуылған қорғаушы Рауан Орынбасар мен шабуылшы Оралхан Өміртаев та кездесуге қатыспайды.
Назарларыңызға ҚФФ баспасөз қызметі дайындаған жастарымыздың Испаниядағы жаттығу сәтінен фоторепортаж ұсынамыз.











