«Реалдың» сатылмайтын ойыншылары анықталды
«Реал Мадрид» футбол клубының сатылымға шығармайтын ойыншыларының тізімі жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл тізімге негізінен болашағы жарқын жас ойыншылар енген.
Мәселен 22 жастағы Федерико Вальвердеге <span>«Бавария» қызығушылық танытқанымен, мадридтік клуб одан бас тартқан. </span>
<span>Ал 19 жастағы Винисиус Жуниорға ПСЖ көз салған. Мадридтік клубтың басшылары Винисиуспен қатар, оның отандасы, 19 жастағы Родриго Силва де Гоисті де сатпайды. </span>
<span>Сондай-ақ, Марко Асенсио да сатылмайтын ойыншылар тізімінде. 24 жастағы испаниялыққа «Ливерпуль» қызығушылық танытқан. </span>
<span>Бір қызығы аталған жас ойыншылармен бірген қақпашы Тибо Куртуаны да сату жоспарда жоқ. 28 жастағы ойыншы қазіргі таңда «Реалдың» көшбасшыларының бірі саналады. </span>