Сатыбалды Тәжиев: «Талантты балалар ауылда жүр»

Сатыбалды Тәжиев: «Талантты балалар ауылда жүр»

«Қазақ футболының өркендеп, кең қанат жаюы үшін таланттарды ауылдан іздеу керек» дейді футбол жанашырлары. Құлсары футбол мектебінен тәлім алып, биыл «Мақтааралдың» маусымаралық оқу-жаттығу жиынына шақырту алған Сатыбалды Тәжиев кәсіби мансабының басталғанын айтып, «PROСПОРТ» тілшісінен сүйінші сұрады.

Біздің ақпарат:

Туған жылы: 21.09.1991ж

Бойы: 175 см

Салмағы: 67 кг

Футболға аяқ басқан кезі: 13 жасында

Алғашқы клубы: «Құлсары» әуесқой клубы

Алғашқы бапкері: Қайрат Мұсағалиев

Позициясы: Артқы жартылай қорғаушы

– Алғашқы сұрақ әдеттегідей. Өзің туралы айтып бастасаң әңгімемізді...

– Футбол ойнауды 2004 жылы бастадым. Ауыларалық чемпионаттарға қатысып тұратынмын. 2005 жылы ауылымызда стадион салынып, футбол секциясы ашылды. Бала кезден футболшы болуды арман ететін біз үшін бұл үлкен сыйлық және мүмкіндік болды.

– Үлкен футболға қалай келдің? Құлсарыда қандай команда бар?

– 2005 жылы ауылда «Құлсары» командасы құрылды. Алғашқы жаттығуымызда 80-нен астам жас ойыншылар жиналдық. Уақыт өте бапкер арамыздан мықты, таланты бар деген футболшыларды іріктеп алып қалды. Олардың ішінде мен де бар болатынмын. Сөйтіп «Құлсарымен» бірге Атырау лигасында бақ сынадық.

(Сатыбалды Тәжиев 17-ші нөмірде)

– Биыл «Мақтааралға» шақырту алыпсың. Ұсыныс қалай түсті?

– Алдыңғы жылдары отбасылық шаруаларыма байланысты байқауларға бара алмадым. Ал «Мақтааралдан» ұсыныс келгенде, қатты қуандым. Біз үшін Бірінші лигада ойнау – үлкен арман ғой. «Мақтааралды» бұрындары бақылап, жаңалықтарын оқып отыратынмын. Енді бас бапкері Шайзидин Кенжебаев қоңырау шалғанда, төбем көкке жетті. Бұл – менің алғашқы кәсіби командам.

– «Мақтаарал» алдағы маусымға қаншалықты және қайда дайындалып жатыр?

– Шымкентте өтуде. Алғашқы оқу-жаттығу жиынына 40-тан астам футболшы келді, осылай 28-іне дейін дайындаламыз. Ал екінші жиын жаңа жылдан кейін басталмақ. Сол кезде ойыншылар іріктеліп, азая бастайды.

– Енді футболдағы арманыңа, мақсатыңа тоқталсақ...

– Арманым – Қазақстанға жақсы футболшы ретінде көріну. Ал мақсатыма келер болсақ, «Мақтааралмен» бірге Премьер-лигаға шықсақ деймін.

«Құлсары» әуесқой клубы

– Қазір ауылда доп теуіп жүрген қара домалақ қазақ баласы өте көп. «Соларды неге кәсіби командаға алмайды?» деген сұрақ туындап жүр футболсүйер қауымның арасында. Сен футболмен атағы шықпаған Құлсары қаласынан үлкен спортқа аяқ басып отырсың. Ауылда жүріп, өзіңді көрсету қаншалықты мүмкін?

– Әрине, футболымыз жыл сайын өсіп келе жатыр дейміз ғой. Бірақ оны өсіріп жатқан қазақстандық емес, шетелдік футболшылар. Бәлкім, легионерлерді азайту керек шығар, сонда қазақ балаларына мүмкіндік ашылады. Ауылда толып жүр ондайлар. Әрине, қазақтың жас футболшыларына да күнде жаттығу жасап, команда іздеу қажет. Әйтпесе, өздері келіп, алып кеткенін күтіп жүрсең, қаласың сол ауылда. Сондай-ақ, Қазақстанның аймақтарын аралап, талантты балаларды іздейтін футбол мамандарын, скауттарды іске араластырсақ, қатып кетер еді.

– Әңгімеңізге рақмет. Кәсіби мансабыңызда сәттілік тілеймін!

Сұхбаттасқан Есет Төлеш

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или