Ерланов: Тең есеп жақсы нәтиже деп ойлаймын

Ерланов: Тең есеп жақсы нәтиже деп ойлаймын

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов Ұлттар Лигасы аясында Албаниямен өткен ойынды қорытындылады, деп жазады Prosports.kz.

Ерлановтың сұхбатын ҚФФ баспасөз қызметі жариялады.

– Қақпадан допты шығарғаннан кейін не ойладыңыз?

– Бұл - әрбір қорғаушының міндеті. Қорғаушының жұмысы қақпашыға көмектесу. Бәріміз жүз пайызға ойнауымыз керек.

– Қарсылас командадан осындай қысым күттіңіз бе?

– Албания – өте мықты команда. Өздеріңіз білесіздер, бұл құраманың ойыншылары Еуропада ойнайды. Сондықтан, бүгін осындай нәтижеге жеткенімізге өте қуаныштымын.

– Команданың қорғаныстағы өзара түсіністігі қалай?

– Командада бәріміз бір-бірімізді түсеніміз, түсініспеушілік болған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или