Албаниялық экс-футболшы өз елінің құрамасын сынға алды

Албаниялық экс-футболшы өз елінің құрамасын сынға алды

Албаниялық бұрынғы футболшы Шкелким Муча Rubrikës Sportive бағдарламасының эфирінде Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы матчтан кейін Албания құрамасын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Матч 0:0 есебімен аяқталған болатын.

«Әрине, ойын мен үйлесімділік жағынан біз көп нәрсе күткен жоқпыз. Техникалық-тактикалық жоспардағы кемшіліктерді көрдік, мен ойыншылардың позицияларына күмәнмен қараймын», - деді Муча.

Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасы 15 қазанға қараған түні сырт алаңда Беларусьпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или