Қазақстан - Албания матчында гол соғылған жоқ

Қазақстан - Албания матчында гол соғылған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Ұлттар лигасының 3-турында Қазақстан құрамасы өз алаңында Албанияны қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Алматыдағы «Орталық стадионда» өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Бірінші тайм бір сыдырғы қарқында өтті. Қонақтар допты көп ұстағанымен, Қазақстан қақпасына көп қауіп төндіре алған жоқ.

Екінші тайм да аса қарқынды басталған жоқ. Бірақ Албания құрамасының гол соғатын 100 пайыздық мүмкіндігі болған. Қарсылас шабуылшысы біздің қақпашының бойынан допты асыра тасап, бос қақпаны дұрыс көздеген. Бірақ қақпаған кіріп бара жатқан допты Қорғаушы Темірлан Ерланов алып шықты.

Осы ойыннан кейін Қазақстан құрамасы үш ойыннан 4 ұпай жинады. Албания құрамасының еншісінде де 4 ұпай бар. Біздің құрама енді үш күннен кейін сырт Алаңда Беларусь футболшыларымен кездеседі.

Ұлттар лигасы. С 4 тобы. 3-тур

Қазақстан - Албания - 0:0 (0:0)

Қазақстан: Стас Покатилов (қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Олжас Керімжанов, Темірлан Ерланов, Александр Марочкин, Марат Быстров, Айбол Әбікен, Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат (к), Абат Айымбетов, Бактиер Зайнутдинов;

Албания: Этрит Бериша (қ) (к), Фредерик Весели, Мараш Кумбула, Берат Джимшити, Кастриот Дермаку, Кейди Баре, Шериф Калаку, Амир Абраши, Лоренц Траши, Армандо Броя, Рей Манай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер