Қазақстан - Албания: Бірінші тайм тең аяқталды

Қазақстан - Албания: Бірінші тайм тең аяқталды

УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстан - Албания матчының бірінші таймы тең аяқталды (0:0), деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч бастала қос команда да бір-бірінің аңысын аңдып, аса сақ қимылдады. Дегенмен қонақтар допқа көп иелік етті (56%).

Ойын тәртібі де жиі бұзылып, әр команданың екі ойыншысы сары қағазға ие болды. Гол соғатын мүмкіндік туған жоқ деуге болады. Тек стандартты жағдай кезінде Абат Айымбетов өз қақпасына гол соға жаздады. Ол тепкен доп, қақпа бағанынан кері серпілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или