«Қайраттың» бас бапкеріне ресейлік клуб қызығушылық танытқан
«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевскийге Ресейдің «Динамо» командасы қызығушылық танытқан.
– «Динамо» әу баста-ақ неміс футболымен таныс маманды іздестірді. Ол жақта шабуылды ұнататын, агрессивті футбол ойнағанды қалайды.
Осы себепті Шпилевскийді шақыртпақ болды. Алексей «Ред Булл Лейпциг» жастар жүйесінде білім алған. Неміс футболымен таныс маман бұған қоса орыс және неміс тілінде ойын еркін жеткізе алады.
Бірақ клуб басшылығының таңдауы «Майнцтың» бұрынғы жаттықтырушысы Шварцқа түсті, - деп жазды «Инсайды от Карпа» телеграм-каналы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или