Қазақстан (U21) - Солтүстік Македония (U21) матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан (U21) - Солтүстік Македония (U21) матчының тікелей трансляциясы

Бүгін жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамалары Алматының Орталық стадионында матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі команда да 10 ұпайдан жинаған. Қазақстандықтар 7 матчта 3 рет жеңіске жетті, үш рет жеңіліске ұшырап, бір рет тең ойнады. Македониялықтар да 3 матчта жеңіске жетті, екеуінде жеңіліп, біреуін тең нәтижемен аяқталды.

Айта кетелік, қос құрама арасындағы бірінші матч тең аяқталған болатын.

Еске сала кетелік, турнир кестесінің көшбасшысы испаниялықтар (16 ұпай), Қазақстан - екінші, Солтүстік Македония үшінші орынға жайғасқан. Төртінші орында Израиль (8), одан кейін Черногория (7) мен Фарер аралдары (3) тұр.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда сағат 16:30-да өтеді. Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері стадионға кіргізілмейді. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Оны мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или