Клубтық әлем чемпионатының финалындағы рекордтар

Мадридтік «Реал» мен Буэнос-Айрестің «Сан-Лоренцо» клубы арасындағы клубтық әлем чемпионатының финалдық матчында қызықты жетістіктер тіркелді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Корольдік клубтың» неміс легионерлері Тони Кроос пен Сами Хедира бір жылда құрамалар және клубтар арасындағы әлем чемпионатын ұтып алған алғашқы еуропалықтар атанды.

«Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти клубтық әлем чемпионатын екі түрлі командамен жеңіп алған екінші бапкер болды. Бұған дейін ол 2007 жылы «Миланмен» топ жарған.

«Реалдың» қақпашысы және капитанв Икер Касильяс үшін «Сан-Лоренцоға» қарсы матч «Корольдік клуб» сапындағы 700-ші кездесу болды.

Шетелдік БАҚ материалдары бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или