Пол Эшуорт «Астанадан» кетті

Пол Эшуорт «Астанадан» кетті

Тараптардың келісімі бойынша «Астана» футбол клубының атқарушы директоры Пол Эшуортпен еңбек келісімшартын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы клуб ресми хабарлады.

Пол Эшуорт елордалық клубта 2019 жылдан бастап Атқарушы директор лауазымында жұмыс істеді, соңғы айда бас бапкер міндетін атқарды. Осы уақыт аралығында команда екі рет Қазақстан Суперкубогында жеңіске жетіп, Чемпионатта топ жарып, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, онда Манчестер Юнайтед ұжымынан басым түскен болатын.

Қазіргі уақытта жаңа бас бапкерді шақыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или