Албания құрамасының бірнеше жетекші ойыншысы Қазақстанға қарсы ойынға қатыспайды
Албания құрамасының бірнеше жетекші ойыншысы Ұлттар лигасы аясында өтетін Қазақстан мен Литваға қарсы кездесуге қатыса алмайды, деп жазады Prosports.kz.
Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, Этрит Бериша (СПАЛ, Италия), Илбер Рамадани («Вайле», Дания), Флориан Камбери («Санкт-Галлен», Швейцария), Линдон Селяхи («Твенте», Нидерланды) Клаус Гьясула («Гамбург», Германия) Албания құрамасының жаттығу жиынына келе алмады. Бұған олар өнер көрсететін елден шығуға тыйым салынуы себеп болды. Мұндай шешімді футбол федерациялары қабылдаған.
Сондай-ақ денсаулығына байланысты «Лацио» қақпашысы Томас Стракоша мен қорғаушы Йон Мерсинай («Локомотив», Хорватия) да алдағы ойындарға қатыса алмауы мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстан - Албания матчы 11 қазанда Алматыда өтеді.
<h4>Албания құрамасына «Ювентус», «Барселона» және «Лацио» ойыншылары шақырту алды</h4> <h4>Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылардың тізімі жарияланды</h4>