Пол Эшуорт атқарушы директор қызметіне оралды
«Астананың» бас бапкері міндетін уақытша атқарған Пол Эшуорт команданың нашар көрсеткішінен соң атқарушы директор қызметіне оралды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.
– Пол Эшуорт бұдан былай «Астананың» бас бапкері міндетін атқармайды. Ол бұрынғы, атқарушы директор қызметіне оралды.
Бірақ ол бұл қызметінде де ұзақ болмайтын секілді. Қазір жаңа жаттықтырушыны іздестіріп жатыр, – деп жазды журналист.
Айта кетейік, «Астана» осы маусымда еурокубокта да, ішкі біріншілікте де сәтсіз өнер көрсетіп жүр. Елордалықтар әуелі Чемпиондар лигасынан, сосын Еуропа лигасындағы жарыс жолын тоқтатты. ҚПЛ-да көш басындағы «Қайраттан» тоғыз ұпайға қалып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или