Мадридтік «Реал» клубтық әлем чемпионатында топ жарды

Мадридтік «Реал» Мароккодағы «Стад де Марракеште» өткен клубтық әлем чемпионатының финалында аргентиналық «Сан-Лоренцоны» қапы қалдырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Корольдік клуб» аргентиналық команданың қақпасына екі таймда бір голдан соғып шықты. 37-ші минутта Тони Кроостың бұрыштан әуелеткен добын Серхио Рамос қақпада тулатты. Ал екінші таймның басында Гарет Бэйл Исконың пасынан соң допты Себастьян Торрико қақпасына енгізді.

Бір айта кетерлігі, бұл матч «Реалдың» қақпашысы Икер Касильяс үшін командасы сапындағы 700-ші ойын болды.

Видео YouTube порталындағы BrasilGols арнасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или