Эдуард Стрельцов туралы сериал түсірілуде

Минскіде кеңестік футболдың аңызға айналған ойыншысы Эдуард Стрельцов туралы сериалдың түсірілімі жүріп жатыр, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы мәскеулік «Торпедоның» ресми сайты мәлім етті. Картина 1955-1964 жылдарды қамтымақ. Негізгі рөлде – Дмитрий Власкин. Сегіз сериядан тұратын лента 2015 жылдың көктемінде эфирге шығады.

Естеріңізге сала кетсек, Эдуард Стрельцов «Торпедо» сапында 1954-1970 жылдар арасында өнер көрсетті. Сондай-ақ, КСРО құрамасында ойнап, 1956 жылы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или