«Қайрат» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы

«Қайрат» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы

4 қазан күні Алматының Орталық стадионында футбол біріншілігінің 6-турының кейінге қалдырылған матчы өтеді, онда жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос команда да өткен турда сүрінді. Ел чемпионы <span>«Астана» ақтаулық «Каспийден» ұтылып қалды.</span> «Қайрат» командасы чемпиондыққа таластағы басты бәсекелесінің сәтсіздігін пайдалана алмады. 12-турда «Шахтермен» өткен матчта бір ұпай ғана алды. Алматылық команда 26 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. <span>«Астана» бес ұпай артта.  </span>

Сонымен қатар, «Қайрат» соңғы екі матчта жеңіске жеткен жоқ, сондықтан алматылықтар үшін бұл матчта жеңіске жету маңызды. Ал елордалықтар ұтылып қалса, чемпиондықпен коштаса берсе де болады.

Qazsport телеарнасы «Қайрат» - «Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы елорда уақытымен 20:25-те. Эфир мына СІЛТЕМЕ арқылы қол жетімді болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или