«Астанадағы» Рамазан Каримов пен Мәди Жақыпбаев жастар құрамасына шақырту алды
Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО турнирінің іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македония (8 қазан) және Испания (11 қазан) құрамаларына қарсы ойнайды.
Жастар құрамасы сапына «Астана» құрамынан екі ойыншы - жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаев пен шабуылшы Рамазан Каримов шақырту алды.
Сондай-ақ, «Астана» футбол клубымен келісімшарты бар, бірақ осы маусымды жалда өткізіп жатқан үш футболшы құрама бапкерлерінің шешімімен ОЖЖ шақыртылды. Олар: Лев Скворцов («Атырау»), Дінмұхамед Қашкен («Қайсар») және Талғат Кусяпов («Оқжетпес»).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или