Садио Мане коронавирус жұқтырды

Садио Мане коронавирус жұқтырды

«Ливерпульдің» сенегалдық шабуылшысы Садио Манеден коронавирус анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қажетті ұсыныстарға сәйкес, футболшы өзін оқшаулады.

«Тьяго Алькантара жағдайындағыдай, «Ливерпуль» COVID-19-қа қатысты барлық хаттамаларға сәйкес талаптарды сақтайды, ал Мане талап етілген мерзімге карантинде болады», - делінген клубтың хабарламасында.

Ағымдағы маусымда Англия премьер-лигасында Садио Мане 3 матчта 3 гол соқты, ол «Челсиге» қарсы жеңісті матчта дубль жасады және «Арсеналға» бір гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или