Месси «Лион» шабуылшысының «Барселонаға» ауысқанына қарсы
«Барселонаның» капитаны Лионель Месси «Лионның» шабуылшысы Мемфис Депайдың каталониялық командаға ауысуына қарсы.
Месси «Манчестер Юнайтедке» ауысқалы жатқан «Барселонаның» шабуылшысы Усман Дембеленің командада қалғанын, ал «Лионның» шабуылшысы Мемфис Депайдың керісінше келмегенін қалайтынын айтқан.
Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, Нидерланд құрамасының шабуылшы келісімшартқа отыруға келісімін берген. Оны «Барселонада» бас бапкер Рональд Куманның өзі көргісі келеді.
Енді «Барселона» «Лионмен» футболшыны сатып алу бойынша келісу қажет. Бұдан бөлек каталониялық команда «Ливерпуль» ойыншысы Джорджиньо Вейналдумға да қызығушылық танытып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или