«Риу Аве» - «Милан» матчында Еуропа лигасының рекорды жаңарды

«Риу Аве» - «Милан» матчында Еуропа лигасының рекорды жаңарды

Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің соңғы турында италиялық «Милан» мен португалиялық «Риу Аве» командасы кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал қосымша уақытта командалар тағы бір голдан алмасып, қорытынды есеп 2:2 болды. 

Жеңімпаз матч соңындағы пенальти сериясында анықталды. Бір қызығы пенальти сериясы 12 айналымға дейін жалғасты. Соңында миландық команда 9:8 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, бұл Еуропа лигасы тарихындағы ең ұзаққа созылған пенальти сериясы ретінде тіркелді. Бұған дейін Еуропа лигасында бірде-бір матчта мұндай жағдай кездеспеген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или