Владимир Нидергаус: «Маусымаралық үзілісті сәтімен пайдалану керек»

Владимир Нидергаус: «Маусымаралық үзілісті сәтімен пайдалану керек»

ҚФФ Құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаус маусымаралық үзілістегі жаңалықтар туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Көпшілік үшін футбол маусымы баяғыда-ақ аяқталып қойған. Чемпиондық фанфарлар ойналып, кубоктық мінбер жеңімпаздарға қуаныш сыйлады. Дегенмен, демалыс жайлы ойлауға мұршасы болмай, жаңа маусымға дайындықты тыңғылықты бастап кеткен футболшылар мен бапкерлер де бар. Солардың ішінде ҚФФ Құрама командалар департаменті де бар. Федерацияның ресми сайтына сұқбат берген аталмыш Департаменттің директоры Владимир Нидергаус құрама командаларымыздың жаңа маусымға дайындығы мен жоспарлары жайлы айтып берді.

- Владимир Викторович, жақында Талғардағы Қазақстан құрама командаларының базасында еліміздің бас құрамасынан үміткерлері оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Осы жиынның мақсаты жайлы айтып беріңізші?

- Негізі, бұл жиын футболшылардың физикалық әлеуеттерін байқауға бағытталған болатын. Медициналық тексерістен өткіздік. Қазақ спорт академиясының өкілдері мен Геннадий Нарскин бастаған белоруссиялық мамандардың қатысуымен өткен бұл жиын барысында барлық футболшылар тереңдетілген медициналық тексерістен өтті. Атап айтсақ, сараптамалар мен тестілеулер жүргізіп, жүректерін, қан құрамын, тіпті психологиялық жағдайларына дейін тексеруге мүмкіндік алдық. Бір сөзбен айтқанда, футболшылар таза ауада жаттығу жасап, теориялық сабақтар алумен қоймай, бастан-аяқ медициналық тексерістен өтті.

- Таяуда Қазақстан жастар құрамасының қатысуымен (U-21) Достастық кубогы, жасөспірімдер құрамасының (U-19) қатысуымен "Гранаткин мемориалы" басталады. Командаларымыз бұл турнирлерге қалай дайындалып жатыр?

- Иә, бұл турнирлерге де аз қалды. Алдымен жасөспірімдеріміз бастайды. Олар желтоқсанның 25-і мен қаңтардың 2-і аралығында Санкт-Петербургте жаттығу жиынын өткізеді. Ал 3 қаңтарда турнир басталып, жерлестеріміз топтық кезеңде Словения және Болгария құрамаларына қарсы тұрады. Жерлестеріміз жерге қаратпайды деп сенеміз.

- Ал жастар құрамасы да Нева жағалауында өтетін Достастық кубогына Санкт-Петербургте дайындала ма?

- Жоқ, олар Түркияда дайындықтарын жүргізеді. Анталияда жастарымыз жаңа жылдық мерекеден кейін қаңтардың 4-і күні жиналып, 9-шы және 12 қаңтарда екі жолдастық кездесу өткізеді. Жаттығу жиынының өзі 14 қаңтарға дейін созылады. Бірінші ойын күнін ұйымдастырушылар 16 қаңтарға белгілеп қойыпты. Бірақ жеребесі әлі тартылған жоқ, 15 қаңтарда өтеді деп күтіп отырмыз. Сол кезде топтық кеезңдегі қарсыластарымыз анықталып, ойындар кестесі толық белгілі болады. Сондай-ақ, жастар құрамасы Еуро-2017 іріктеу додасын да күтуде. Оның жеребесін УЕФА 5 ақпанға белгілеген.

- Достастық кубогы жастар үшін Еуро додасына дайындық кезеңінің пысықтау бөлімі болады деп айта аламыз ба?

- Иә, дұрыс айттыңыз. Сондықтан, Санкт-Петербургте жақсы көрсеткішке қол жеткізуге тырысамыз. Өткен жылы Ширмялис баптаған команда бесінші орыннан көрінген. Алайда, биыл команда құрамы біршама өзгерген. Біран-сараны болмаса, көпшілігі былтыр сапта болмаған. Сондықтан, алдымен топтық кезеңнен шығып алуымыз керек, содан кейін арғысы белгілі бола береді. Осы турнирде-ақ команданың негізі анықталады деп үміттенемін. Ал көшбасшылар бұл командада да бар. Біз соларға үміттенеміз. Сұқбатымызды қорытындылай келе, қысқы маусымаралық үзілісті командалардың іргетасын қалау үшін пайдаланамыз.

kff.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или