Масудов: «Қазақстан әлем чемпионатын қабылдай алады»

«Астана-1964» футбол клубының бас бапкері Вахид Юнусұлы Масудов 2026-жылы өтетін әлем чемпионатының Қазақстанда өтуі қаншалықты мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Әрине, футболдан әлем чемпионатының Қазақстанда өтуі өте қызық болар еді. Бірақ, бізге ондай мүмкіндік беретініне сенбеймін. Қаншалықты мүмкін дейсіз бе? Қазіргі таңда, бізде Алматы мен Астанада ғана мықты стадиондар бар. Мундиальді қабылдау үшін кем дегенде 12 әлемдік деңгейге сай стадион салынуы керек. Барлық 32 команда екі стадионда ойнай алмайды ғой. Өзбасым, әлем чемпионаты Қазақстанда өтуін тілеймін. Біздің еліміз – әлем чемпионатын қабылдай алады. Дегенмен, алдымен стадиондар салып, инфраструктураны күшейтуіміз қажет», - деді Масудов.

time.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или