«Астана» мен «Қайрат» футболшылары Черногория құрамасына шақырту алды
«Астананың» қорғаушысы Жарко Томашевич пен «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Небойша Косович Черногория құрамасына Латвиямен (7 қазан) жолдастық кездесу өткізуге, сондай-ақ Әзербайжанмен (10 қазан) және Люксембургпен (13 қазан) болатын Ұлттар лигасы ойындарына шақырту алды.
Черногория құрамасының бас бапкері Фарук Хаджибегич жиынға 23 ойыншыны шақырды. Олардың барлығы легионерлер.
Қақпашылар: Даниэль Петкович, Милан Миятович, Матия Шаркич;
Қорғаушылар: Стефан Савич, Марко Шимич, Жарко Томашевич, Адам Марушич, Игор Вуячич, Момчило Распопович;
Жартылай қорғаушылар: Никола Вукчевич, Владимир Йовович, Александар Шекчич, Марко Янкович, Небойша Косович, Александар Больевич, Марко Бакич, Дени Хочко, Сеад Хакшабанович, Вукан Савичевич;
Шабуылшылар: Фатос Бечирай, Стефан Йоветич, Стефан Мугоша, Дино Исламович.