Құрбан Бердыев мәскеулік «Динамоның» тізгінін ұстауы мүмкін
Жақын арада танымал маман Құрбан Бердыев бапкерлік қызметке оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Біздің басылымға белгілі болғандай, Құрбан Бекиевичті Мәскеудің «Динамосы» басшылығы клубтың бас бапкері қызметіне басты үміткер ретінде қарастырады.
Мәскеуліктердің Кирилл Новиков командадан жақын арада кетуі мүмкін. Еуропа лигасында Тбилисидің «Локомотивінен» жеңіліп, турнирден шығып қалды, команданың РПЛ-дағы жағдайы да мәз емес.
Қазақстанда Құрбан Бердыев «Химик», «Мұнайшы» және «Қайрат» сияқты командалардың тізгінін ұстады. Бердиев ойыншы ретінде алматылық клубта 150 матч өткізіп, 33 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или