Италиялық клубтың 10 ойыншысы коронавирус жұқтырды
«Дженоа» футбол клубында 14 адамнан коронавирус анықталды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы италиялық клуб ресми хабарлады.
Бұл 14 адамның 10-ы ойыншы, қалған төртеуі клуб қызметкері.
Айта кетейік, «Дженоа» Италия А сериясының 2-турында «Наполиден» 6:0 есебімен жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или