Әлем футболы

УЕФА Суперкубогы: «Бавария» мен «Севилья» кездеседі

УЕФА Суперкубогы: «Бавария» мен «Севилья» кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Венгрияның Будапешт қаласындағы «Пушкаш Аренада» УЕФА Суперкубогы өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Суперкубокты Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Бавария» мен Еуропа лигасының жеңімпазы «Севилья» сарапқа салады.

Мюнхен өткен маусымда Чемпиондар лигасында мінсіз өнер көрсетіп, барлық ойында жеңіске жетті. Осыған қарап Еуропа лигасында керемет өнер көрсететін «Севильяны» бүгінгі ойында аутсайдер деуге де болатын шығар.

УЕФА Суперкубогын екі команда да бір реттен ғана жеңген. «Бавария» осы кубок үшін өткен алғашқы 4 ойында сәтсіздікке ұшыраған. Тек бесінші мүмкіндігінде Пеп Гвардиоланың жетекшілігімен «Челсиді» жеңіп (қосымша уақытта 2:2, пенальтиде 5:4) кубокқа қол жеткізді. «Севилья» мұның керісінше. Испаниялық ұжым алғашқы мүмкіндігінде-ақ, Суперкубокты жеңіп алған. Бірақ осыдан кейінші 4 ойын олар үшін сәтсіз болды.

Жеке кездесулер бойынша басымдылық «Баварияда». 2018/19 Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде немістер испаниялық ұжымды қос кездесудің қорытындысы бойынша (сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіп, өз алаңында 0:0 ойнады) жартылай финалға өткен.

УЕФА Суперкубогы үшін өтетін «Бавария» - «Севилья» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Ойынды QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

«Cевилья» феномені

Месси ешкімге керек болмай қалды ма

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер