Әлем футболы

«Бавария» - Чемпиондар лигасының жеңімпазы

«Бавария» - Чемпиондар лигасының жеңімпазы
news-banner7
mobile-news-top

Мюнхендік «Бавария» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Сегіздің финалы» форматында өткен турнирдің ақтық сынына «Бавария» мен франциялық ПСЖ шыққан. Финал Лиссабондағы «Эштадиу да Луш» стадионында өтті.

Матчтың бірінші таймында жанкүйерлер гол көре алмады. Ал үзілістен кейін соғылған жалғыз гол ойын тағдырын шешті. 59-минутта оң қапталдан әуелеген допты Кингсли Коман баспен ПСЖ қақпасында тоғытқан. Бұл гол «Баварияға» жеңіс сыйлады.

Осылайша, германиялық клуб Кәрі құрлықтың клубтар арасындағы басты додасында алтыншы рет топ жарды. Ал ПСЖ Чемпиондар лигасының финалына алғаш рет шыққан болатын.

«Бавария» (Мюнхен) - ПСЖ (Париж) 1:0 (0:0)

Гол: Коман 59.

«Бавария» УЕФА клубтар рейтингінің көшін бастады

«Бавария» Чемпиондар лигасының осы маусымында қанша табыс тапты

«Аякс» «Бавария» мен ПСЖ-ның арқасында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер