русский язык
Әлем футболы

«Бавария» Чемпиондар лигасының осы маусымында қанша табыс тапты

«Бавария» Чемпиондар лигасының осы маусымында қанша табыс тапты
news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» «Барселонаның» Чемпиондар лигасының бір маусымындағы табысының рекордын бұзады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кіскеr мәліметінше, Мюнхендік клуб Чемпиондар лигасының биылғы маусымы нәтижелері бойынша 120 миллион еуродан астам пайда табады. «Барселона» 2019 жылы 117,73 миллион еуро табыс тапқан.

Осы маусымдағы төлем жүйесі мынадайй:

Топтық кезеңге жету: 15,25 миллион еуро;

Топтық кезең: жеңіс 2,7 миллион еуро. (6 жеңіс үшін 16,2 миллион еуро);

1/8 финалға жолдама: 9,5 миллион еуро;

Ширек финал: 10,5 миллион еуро

Жартылай финал: 12 миллион еуро

Финал: 15 миллион евро;

Чемпиондар лигасының жеңісі: 4 миллион евро + УЕФА Суперкубогы үшін 3,5 миллион евро.

Айта кету керек, «Бавария» қосымша 33,24 миллион еуро алады, өйткені олар команданың соңғы онжылдықтағы Чемпиондар лигасындағы нәтижелері бойынша үшінші орынға ие. Сонымен қатар, клуб теледидар құқығынан 11,5 миллион еуро алады.

Осылайша, «Бавария» 123 миллион еуро көлемінде табыс тапты, бірақ егер клуб Чемпиондар лигасын жеңіп алса, оның мөлшері 130 миллионға жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;