Әлем футболы

«Cевилья» феномені

«Cевилья» феномені
news-banner7
mobile-news-top

Испанияда 1890 жылы құрылған қала аттас «Севилья» футбол клубы бар. 700 мыңға жуық тұрғыны бар шаһар жыл он екі ай футболмен тыныстайды. Андалусия атты автономиялық қауымдастықта бірнеше футбол командалары бар, соның ішіндегі белдісі де осы «Севилья» екені анық. Тарқатып көрелік...

Осыдан тұп-тура 130 жыл бұрын құрылған клуб 56 жылдан кейін ғана Испания чемпионы атанды. Бес рет Испания кубогын жеңіп алған ұжымның басқа да жетістігі жетерлік. Дегенмен біздің сөз еткіміз келетіні команданың халықаралық аренадағы ауыз толтырып айтарлық табысы болмақ. 2003/04 маусымында «Севилья» ойыншылары бас бапкер Хуанде Рамостың жетекшілігімен алғаш рет УЕФА кубогында жеңімпаз болды. Ол ол ма, УЕФА суперкубогында «Барселонаның» өзін жеңді! Араға үш жыл салып, УЕФА кубогында тағы да топ жарды. Мұның бәрі Рамостың арқасында болған еді.

«Рамон Санчес Писхуан» стадионы

«Рамон Санчес Писхуан» стадионы

Ал 2013 жылы «Валенсияның» экс-бас бапкері Унай Эмери команда тізгінін ұстап, «Севильяны» тіпті түлетіп жіберді! УЕФА кубогын қатарынан үш жыл жеңіп алған клуб турнир тарихында теңдессіз рекорд жасады. Бұған дейін ешқандай команда УЕФА-ның екінші дәрежелі додасын 5 рет жеңіп көрмеген болатын. Үш жылда финалда португалиялық «Бенфика», Украинаның «Днепрі» және ағылшынның «Ливерпулі» тізе бүкті.

Жалпы «Севильяның» УЕФА кубогында жолы болғанымен, Чемпиондар лигасында топ жара алмады. Тек 1958 және 2018 жылдары ширек финалға шыға алған андалусиялықтар аталған турнирде жартылай финалға да жете алмай жүр.

Биылғы маусымда Хулен Лопетеги бапкер севильялықтарды жеңіске жетеледі. Биыл 21 тамызда Кельн қаласындағы «Рейн Энерги» стадионында Миланның азулы «Интері» севильялықтардан жеңіліп, пұшайман болды.

Қазіргі бас жаттықтырушы - Хулен Лопетеги

Қазіргі бас жаттықтырушы - Хулен Лопетеги

2019/20 маусымда Еуропа лигасының финалы «Рейн Энерги» стадионында өтті

2019/20 маусымда Еуропа лигасының финалы «Рейн Энерги» стадионында өтті

Сонымен 49 рет УЕФА кубогы, 11 рет Еуропа лигасы деп аталған турнирді алты рет жеңген «Севилья» футбол тарихынан ойып тұрып орын алатын ұжымға айналды. Енді 24 қыркүйек күні испаниялық клуб Мажарстан астанасы Будапешттегі «Пушкаш Арена» стадионында УЕФА Суперкубогына таласады. Қос ұжым да өз тарихында аталған кубокты 1 реттен ғана жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер