«Жетісу» керемет камбэк жасады

«Жетісу» керемет камбэк жасады

Қазақстан чемпионатының 10-туры аясында «Жетісу» мен «Шахтер» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Алматыда өткен матч 3:2 есебімен талдықорғандық команданың пайдасына шешілді. 

Бұл ойында «Жетісу» керемет камбэк жасады. Қарағандылық команда бірінші таймда 1:0 есебімен жеңіске жеткен. «Шахтер» ойыншылары екінші таймды да сәтті бастап, 53-минутта екінші голды соқты. 

Ал «Жетісу» 70-минуттан бастап атқа қонды. Екінші тайм басында алаңға шыққан Айбар Жақсылықов 70 және 82-минутта екі гол соғып, есепті теңестірген. Тең нәтижені де қанағат тұтпаған талдықорғандықтар 84-минутта жеңіс голын соқты. Гол авторы - Эуженио.

Осы жеңістен кейін «Жетісу» 9 ойында 16 ұпай жинап, турнирлік кестенің екінші сатысына жайғасты. Ал 12-ұпайы бар «Шахтер» 7-орында тұр. Ел чемпионатының қазіргі сәттегі көшбасшы - «Қайрат» (24 ұпай). 

ҚПЛ. 10-тур

«Жетісу» - «Шахтер» - 3:2 (0:1)

Гол соққандар: Жақсылықов 70, 83, Эужениу 84 – Мингазов 25, Ламанж 53

24 қыркүйек, Алматы. Т.С. Сегізбаев атындағы академия .

«Жетісу»: Шабанов, Керімжанов, Наумов, Сапанов, Зелеский, Мавутор, Шкодра, Живкович, Дарабаев, Евгенио, Тошев.

«Шахтер»: Юрченко, Ламанж, Буйволов, Баа, Тапалов, Ятченко, Такулов, Усман, Хубулов, Мингазов, Тәттібаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или