Ел чемпиондары Түркияда ОЖЖ өткізуде

10-шы желтоқсаннан бастап «Астана» футболшылары Түркияда оқу-жаттықтыру жиынын өткізуде, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Осы жинаққа Қазақстан құрамасындағы қақпашы Владимир Логиновский мен қорғаушылар Елдос Ахметов, Игорь Пикалкин және Абзал Бейсбековтен басқа барлық шақырылған футболшылар қатысады.

Сонымен қатар, Түркиядағы жаттықтыруларға жинақ басталар кезде бапкерден жеке мәселелер бойынша сұранып кеткен хорват Марин Аничич пен черногоршы Дамир Кояшевич та кейінірек қосылады.

Қосымша құрамның алты футболшысы өздерінің күштерін көрсетуге мүмкіндік алды, Қазақстанның жастар құрамасының ойыншысы Берик Шайхов та сынақтан өтуде. Берик - «Оле Бразил» Бразилия академиясының тәрбиеленушісі, Қазақстанға қайтып келгеннен кейін 1 лигада елордалық «Байтерек» құрамында 2 маусым өткізіп, орта есеппен 51 ойын ойнап, 7 рет гол соқты. 2013 маусымда талдықорғандық «Жетісудың» құрамында 24 ойын ойнап, 1 рет гол соқты. Осы команданың құрамында «Астанаға» қарсы екі ойын өткізді. Сонымен қатар, Шайховтың есебінде 17 және 19 жасқа дейін Қазақстанның жасөспірімдер құрамалардың құрамында матчтары бар, Қазақстанның жастар құрамасында Францияға қарсы ойында дебютке шығып, алаңда 90 минут өткізген болатын.

Жинақтың аяғына қарай «Астананың» бапкерлер штабы жолдастық матч өткізу жоспарлауда. Нақты мерзімі мен қарсыласы кейінірек анықталады. Жинак 20-желтоқсанға дейін жоспарланғанын еске саламыз.

fca.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или