Қазақстан қыздар құрамасы Австриядан ұтылды
2022 жылғы әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі матчында Шымкентте Қазақстан құрамасы Австрияны қабылдады, деп жазады Prosports.kz.
Иван Азовский баптайын құрамамыз мынадай құраммен матчқа шықты: Железняк, Қожахмет, Айтымова, Құлмағамбетова, Қырғызбаева, Вылданова, Кәрібаева, Бабшук, Тұрлыбекова, Красюкова, Власоваа.
Матч толықтай қонақтардың басымдылығымен өтіп, 0:5 есебімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы өткен бес матчтың бесеуінде жеңіліп, G тобында соңғы орында тұр.
Қазақстан - Австрия 0: 5 (0: 1)
Гол соққандар: Данст 13 (0: 1), Данст 49 (0: 2), Ашауэр 63 (0: 3), Пунтигам 67 (0: 4), Билла 75 (0: 5)
Алаңнан қуылды: Бабшук 74.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или