«Тобыл» грузиялық легионерлерімен қоштасады
«Тобыл» футбол клубының басшылығы маусым соңында бірқатар ойыншымен қоштасуға шешім қабылдады, деп жазады Prosports.kz.
Инсайдер Айдин Қожахметтің айтуынша, қостанайлық клубтан 2020 жылдың соңында кететін ойыншылардың тізімін дайындап жатыр.
- «Астана» секілді «Тобыл» да маусым соңында қоштасатын ойыншылардың тізімін дайындап жатыр. Командадан кететіндер көп емес. Бірақ бұл тізімде грузиялық жартылай қорғаушылар жұбы Джаба Канкава мен Ника Квеквескири бар екені белгілі. Олардың орнына басшылық жас және жылдамырақ ойыншыларды шақырғысы келеді, - деп жазды Қожахмет.
Айта кетейік, 34 жастағы Канкава «Тобылға» 2018 жылы, ал 28 жастағы Квеквескири 2017 жылы ауысып келген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или