«Спортинг» академиясына Роналдудың аты берілді

«Спортинг» академиясына Роналдудың аты берілді

Лиссабондағы «Спортинг» академиясына Португалия мен «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың есімі берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Португалия футбол тарихындағы үздік футболшы, ұлттық құрама капитаны, бес дүркін «Алтын Доп» иегері, Португалиямен Еуропа чемпионаты және Ұлттар лигасының жеңімпазы атанған футболшының есімі акедемияға берілетініне қуаныштымыз», - делінген клуб хабарламасында.

Роналду 1997 жылы 12 жасында «Спортинг» клуб академиясына қабылданды. 2002 жылы тамызда ойыншы негізгі командада сапында дебют жасады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или