Бауыржан Исламхан Азия Чемпиондар лигасының матчына қатысады

Бауыржан Исламхан Азия Чемпиондар лигасының матчына қатысады

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Азияның Чемпиондар лигасы аясында «Әл-Әйннің» сапында негізгі құрамда шығады.

Иранның «Сепахан» командасы мен «Әл-Әйн» арасындағы матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады. 

«Әл-Әйннің» бас бапкері қазақстандық футболшы Бауыржан Исламханды ойынға алғашқы минуттан қосуды жөн көріпті.

Еске сала кетейік, 27 жастағы футболшымыз осы турнирдің топтық кезеңінің үшінші турында әйгілі Хави жаттықтыратын <span>«Аль-Садд» (3:3) командасының қақпасына гол соққан еді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или