«Қайрат» қарсыластарынан 9 ұпай ұзап кетті

«Қайрат» қарсыластарынан 9 ұпай ұзап кетті

Қазақстан чемпионатының 9-туры аясында «Қызыл-Жар» мен «Қайрат» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Талғарда өткен ойын 0:1 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді. Жалғыз голды шабуылшы Абат Айымбетов бірінші таймда соқты. 

Екінші таймда петропавлдықтар да бірқатар қауіпті шабуылдар жасады. Тіпті ойын аяқталар тұста есепті теңестіріп кетуге де мүмкіндіктері болған. 

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 9 ойында 24 ұпай жинап, өзге қарсыластарынан ұзай түсті. Турнирлік кестеде екінші орында тұрған «Астананың» еншісінде 15 ұпай бар. Бірақ елордалықтардың «Қайраттан» бір ойыны кем. 

 Қазақстан чемпионаты. 9-тур

«Қызыл-Жар» - «Қайрат» - 0:1 (0:1)

«Қызыл-Жар»: Лобанцев (Қ), Гунченко, Барановский, Делич, Андрюшкявичюс, Шаихов, Безлихотнов, Платика, Драченко (К), Маркелов, Сисей.

Қосалқы құрам: Цирин (Қ), Аитов, Губанов, Коне, Подио, Григалашвили, Черединов, Мульдинов, Корян.

«Қайрат»: Покатилов (Қ), Сүйімбаев (К), Дугалич, Әліп, Миканович, Әбікен, Косович, Оганесян, Алыкулов, Аймбетов, Вагнер Лав.

Қосалқы құрам: Устименко (Қ), Поляков, Кейлер, Даиров, Адахаджиев, С. Астанов, Тұңғышбаев, Вжесиньски, Шушеначев, Эсеола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или