Қазақстандық футболшы Екінші Бундеслиганың алғашқы матчына қатыспады

Қазақстандық футболшы Екінші Бундеслиганың алғашқы матчына қатыспады

Қазақстандық Константин Энгель ойнайтын германиялық «Оснабрюк» Екінші Бундеслиганың жаңа маусымын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Алғашқы турда «Оснабрюк» сырт алаңда «Гройтер Фюртпен» тең түсті. Энгель бұл матчқа қатысқан жоқ. Қазақстандық футболшы осы маусымда әлі алаңға шықпады.

Константин Энгель өткен маусымның көп бөлігін жарақатына байланысты ұзақ уақыт ойнамай, алаңға төрт рет қана шыққан еді.

Енді «Оснабрюк» келесі матчын «Ганноверге» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или