Қазақстан тумасының командасы Бельгия кубогынан ұшып кетті

Қазақстан тумасының командасы Бельгия кубогынан ұшып кетті

Бельгия үшінші дивизионындағы «Патро Эйсден Масмехелен» сапында ойнайтын қазақстандық Олег Чепрасовтің командасы ел кубогынан ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Турнирдің төртінші кезеңінде «Патро Эйсден Масмехелен» 1:2 есебімен «Йонг Леде» клубына жол берді. Чепрасов негізгі құрамда шыққан. Қазақстандық форвард ойында көзге түсе алмады. Бұған дейін ол Бельгия кубогында екі гол соққан болатын.

Олег Чекрасов Алматыда туған, бірақ бала кезінде отбасымен бірге Бельгияға қоныс аударған. 23 жастағы футболшы 2018 жылы Қазақстан жастар құрамасында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или