«Ливерпуль» сырт алаңда «Челсиді» жеңді
Англия Премьер-лигасының 2-туры аясында «Челси» мен «Ливерпуль» командалары кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Лондонда өткен ойын 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Қос голды да сенегалдық шабуылшы Садио Мане соқты.
Жазғы трансферлік кезеңде белсенді болып, бірқанша ойыншы сатып алған лондондық командадан жанкүйерлер көп үміт күткен еді. Алайда АПЛ-дің өткен маусымдағы чемпионы «Челсидің» алаңынан үш ұпай алып кетті.
Бірінші таймда «Челси» қорғаушысы Андреас Кристенсеннің қызыл қағаз алып, алаңнан қуылып кеткенін айта кетейік.
«Челси» – «Ливерпуьл» - 0:2 (0:0)
Гол соққандар: Мане 50, 54
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или