Зайнутдинов ЦСКА - «Уфа» матчында негізгі құраммен алаңға шықты

Зайнутдинов ЦСКА - «Уфа» матчында негізгі құраммен алаңға шықты

Бүгін, 20 қыркүйекте Ресей Премьер-лигасының сегізінші туры аясында «Уфа» өз алаңында ЦСКА-ны қабылдайды, сол матчта Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов алаңға алғашқы минуттан бастап шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз Мәскеу армияшыларының матчқа арналған постеріне де шығып үлгерді.

 

 

Матч Уфада «Нефтяник» стадионында өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталды. 

Осы ойынға дейін «ЦСКА» 13 ұпаймен бесінші орында тұрса, уфалықтар сегіз ұпаймен 13-орынға жайғасқан.

Бактиер Зайнутдинов бұған дейін мәскеулік клуб сапында үш матч өткізді - «Краснодармен» (1: 1), «Ахматпен» (3: 0) және «Спартакпен» (3: 1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или