Қазақстан қыздар құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Қазақстан қыздар құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қазақ қыздарын Иван Азовский дайындайды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер құрамасы құрлық біріншілігінің кезекті ойынына дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиынында ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Иван Азвоский таныстырылды.

Азвоский Иван Геннадиевич

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері

Туған күні мен туған жері: 01.10.1964, Казахстан, Атырау

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: Қазақ дене шынықтыру институты, Алматы

УЕФА-ның PRO категориясы бар бапкер.

«Фулхэм» және «Тоттенхэм Хотспур» футбол клубтарының білім бағдарламаларын тәмамдаған.

Ойыншы карьерасы:

1980 - 1985 – «Қайрат», Алматы

1985 - 1992 – «Целинник», Целиноград

1993 - 1995 – «Металлург», Магнитогорск

1996 - 1997 – «Цесна», Ақмола

Клубтық деңгейдегі бапкерлік қызметтері:

1998 - 2003 – «Жеңіс», Астана, дайындық тобының жаттықтырушысы

2004 - 2005 – «Тараз», Тараз, дене даярлығы жаттықтырушысы

2006 – «Астана», Астана, бас бапкердің көмекшісі

2007 – «Астана», Астана, бас бапкер

2008 –  «Шахтёр», Қарағанды, бас бапкер

2009 – «Жетісу», Талдықорған, бас бапкердің көмекшісі

2010 – «Астана», Астана, бас бапкер

2010 - 2012 – «Атырау», Атырау, дене даярлығы жаттықтырушысы

2013 - 2014 – «Астана», жастар құрамының аға жаттықтырушысының көмекшісі

2015 – «Жетісу», Талдықорған, бас бапкер

Құрама деңгейіндегі бапкерлік қызметі:

2003 – Қазақстан жастар құрамасы, аға жаттықтырушының көмекшісі

2006 - 2008 – Қазақстан ұлттық құрамасы, аға жаттықтырушының көмекшісі

2017 - 2018 – Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасы, аға жаттықтырушының көмекшісі

2020 – Қазақстан әйелдер құрамасы, бас бапкер

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или