Қазақстан қыздар құрамасының Австрияға қарсы құрамы жарияланды
Футболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталған соң Иван Азвоский шәкірттері оқу-жаттығу жиынын бастады.
Оқу-жаттығу жиыны Шымкент қаласында өтеді. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Австрия құрамалары арасындағы ойынды «Намыс» стадионы қабылдайды.
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Миллана Бурдакова (СДЮСШОР №8), Назым Исмаилова («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Әйгерим Айтымова, Жанерке Перме (екеуі де - СДЮСШОР №8), Тоғжан Бекпенбет, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (барлығы - «Оқжетпес»), Екатерина Красюкова, Зулейра Әбішева, Александра Бурова, Екатерина Бабшук, Мария Демидова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»);
Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Анастасия Власова (екеуі де - «Оқжетпес), Әселхан Тұрлыбекова, Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Карина Жұмабайқызы (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»);
Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Лейла Садықова («Оқжетпес»).
Жаттықтырушылар штабы: Иван Азовский - бас бапкер, Орынбасар Дәуренбекова - бас бапкердің көмекшісі, Ержан Сунақов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров - дәрігер, Евгения Ларина - массажист, Данияр Әнес - менеджер.