Қазақстан УЕФА клубтар рейтингінде төмен сырғыды

Қазақстан УЕФА клубтар рейтингінде төмен сырғыды

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аяқталғаннан кейін УЕФА клубтар рейтингіндегі Қазақстанның жағдайы нашарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі Еуропа лигасындағы үш қазақстандық қатысушы да жеңіліске ұшырап, жарыстан тыс қалғаннан кейін, Қазақстан 27-орынға түсіп кетті. Еуропа кубогының рейтинг кестесінде Қазақстанның жағдайы одан әрі нашарлауы мүмкін, өйткені бізден төмен орналасқан Беларусь, Словения, Венгрия, Словакия және Польша клубтары еуропалық жарыстарда ойынын жалғастыруда.

Рейтингте Қазақстан өкілдері арасында ең жоғары орында «Астана» тұр - елордалық команда 59-орынға жайғасқан. Алматылық «Қайрат» 165-ші, ал «Қайсар», «Ордабасы», «Тобол», «Ертіс» және «Ақтөбе» 309-313-ші орындарда көрші орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или