Қазақстан еурокубокта сәтсіз өнер көрсеткен елдердің қатарына енді
Украинаның Ua-football басылымы биылғы маусымдағы еурокубокта сәтсіз өнер көрсеткен елдердің тізімін жасады.
– Жарыс жолын ең ерте Лихтенштейн аяқтады. Ал екінші іріктеу кезеңінен Андорра, Гибралтар мен Солтүстік Ирландияның командалары ары өте алмады. Люксембург, Исландия мен Уэльстің де бірде-бір командасы қалмады. Рейтингте үздік 30 елдің қатарына кіретін Қазақстан өкілдері де сәтсіз өнер көрсетті. Бұл үздік 30 кіретін командалардың ішінде жарысты ерте аяқтаған жалғыз ел.
2020/21 жылғы маусымда еурокубок жарыстарын ерте аяқтаған елдер:
— Лихтенштейн;
— Люксембург;
— Андорра;
— Гибралтар;
— Солтүстік Ирландия;
— Уэльс;
— Исландия;
— Қазақстан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или