Исламхан Азия Чемпиондар лигасының өткен аптадағы үздік ойыншыларының қатарына енді
Футболдан Азия конфедерациясы Чемпиондар лигасының өткен аптадағы үздік ойыншысын атады.
Үміткерлер қатарына «Әл-Әйнде» ойнап жүрген Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан енген. Алайда үшінші турдың үздік ойыншысы деп «Әл-Наср» командасының шабуылшысы Абдерразак Хамдалла танылды.
Айта кетейік, Бауыржан Исламхан Катардың «Әл-Садд» командасына қарсы алғашқы матчта дәл соққысымен көзге түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или